Орталық жаңалықтары

ВИРТУАЛДЫ ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

«БІЗ БАРЛЫҚ ОТБАСЫМЫЗБЕН БИЛЕЙМІЗ, ТІГЕМІЗ, СУРЕТ САЛАМЫЗ ЖӘНЕ ӘН САЛАМЫЗ» отбасы шығармашылығының облыстық виртуалды фестивалі

Фестивальдің мақсаты:
- жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту;
- отбасылық қатынастардың оң тәжірибесін тарату;
- қазіргі отбасы бейнесін қалыптастыру үшін жағдай жасау, отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру.

Фестивальдің міндеттері:
- салауатты, бақытты және тату отбасы мәртебесін нығайту, отбасылық дәстүрлерді сақтау және көбейту;
- білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбие деңгейін арттыру;
- білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.

Фестиваль жұмыстары ағымдағы жылдың 10 - 15 маусым аралығында facebook әлеуметтік парақшаларында #mngotbasy және #virtualotbasy хэштегтерімен жариялануы тиіс.

Фестивальге жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

Фестивальге қатысу шарттары:
Фестивальге қатысушы өз жұмысын видео түрінде ұсына алады. Жұмыстар сапалы болуы тиіс.

Фестиваль талаптары:
Фестивальге қатысушы отбасы мүшелерімен бірге тақырыпқа сәйкес виртуалды бейнероликтер түсіру арқылы қатысады.

 

title=


ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...

2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...

2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...

...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...

Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...

Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...