«Sanaly urpaq» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні Маңғыстау туризм колледжінің қабырғасында қоғамда сыбайлас жемқорлық, адалдық, парасаттылық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Саналы ұрпақ" клубтарының облыстық слеті өтті.
Слет аймақтағы әр колледжде ұйымдастырылған "Саналы ұрпақ" клубтарының белсенділері мен жетекшілерін біріктірді. Олардың қызметі құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға бағытталған.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Н.Мұқатай қатысып, студенттік ортада адамгершілік құндылықтарды ілгерілетудің маңыздылығына тоқталып өтті.
Шара аясында жастардың «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды. Студенттер өздерінің актерлік қабілеттерін көрсете отырып, сюжеттік қойылымдар қойды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырылған #жастаржемқорлыққақарсы байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Слет соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алу ісіндегі белсенділігі үшін колледждерге Білім басқармасының және білім берудің оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттары табысталды.
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...
__1ed88fedea8154d3e0168c0bfedb81fc.png)













