«Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
«Зерделі» ақыл – ой дамыту мектебінің білім басқармасымен бірлескен меморандум аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 6 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Олимпиадаға аудан, қалалардан 87 мұғалім қатысты. Олимпиаданың І бөлімінде «Дұрыс жауапты таңдау», ІІ бөлімінде «Бос орынды толтыру», ІІІ бөлімінде «Есептеу, дәлелдеу» тапсырмалары берілді.
Әділқазылар алқасының шешімімен қатысушылар жұмысы бағаланып, лайықты орындар белгіленді.
І орын – 8 педагог,
ІІ орын - 13 педагог
ІІІ орын – 16 педагог
Грамота - 10 педагог
«Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңінде қатысушылар арасынан 8 мұғалім республикалық кезеңге жолдама алды.
Ақпан айындағы «Алтын тұғыр» олимпиадасының республикалық кезеңінде төмендегі әріптестеріміз бағын сынайды.
Рахметова Гүлімай Жетпісбайқызы - Ақтау қаласы, №21 жббм бастауыш сынып мұғалімі;
Сатова Зияда Курмангазиевна - Ақтау қаласы, №3 ЖББМ" КММ бастауыш сынып мұғалімі;
Базарбаева Өнер Сұлтанғалиқызы - Ақтау қаласы, №13 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;
Базарбаева Забира Сисенбаевна -Жаңаөзен қаласы, №10 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі;
Шихимова Лаззат Аширбаевна-Жаңаөзен қаласы, №17 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі;
Мырзабаева Забира- Маңғыстау ауданы, Жармыш жббм бастауыш сынып мұғалімі;
Алхамова Жемісгуль- Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы жббм бастауыш сынып мұғалімі;
Жангельдина Айгерим Демеухановна - Қарақия ауданы, Қарақұдық мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Олимпиада нәтижесінде жеңімпаздар «Зерделі» ақыл – ой дамыту мектебінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!!!
ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...




















