«ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫ
Маңғыстау облысы әкімінің парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында 2021 жылдың 12 қазан күні «Жастар жемқорлыққы қарсы» облыстық сырттай бейнероликтер байқауы өткізілді.
Білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру, ұйымшыл болуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруда белсенді болуға шақыру мақсатында ұйымдастырылған облыстық байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 10 қатысушы болды.
Байқаудың облыстық кезеңінде қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, рухани-адамгершілік және заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру бағытында түсірілген бейнероликтері қаралды.
Келіп түскен жұмыстарды қазылар алқасы қарап, қорытындысында:
І орын – Бисалиев Нариман, Қарақия кәсіптік колледжі;
ІІ орын – Копейсинов Нурсултан, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі;
ІІІ орын – «Сұңқар» тобы, Маңғыстау энергетикалық колледжі
ІІІ орын – «Жастар» тобы, «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі.
Байқау жеңімпаздары орталықтың арнайы дипломдарымен марапатталды.
Барлық қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз!
ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...















