«Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуінің дайындығы
2025 жылдың 24 қарашасы мен 5 желтоқсан аралығында облыстың 41 жалпы білім беретін мектебінде «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуі өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 6 қараша күні халықаралық зерттеуге қатысатын мектептер үшін онлайн форматта түсіндірме вебинар өткізілді. Аталған зерттеуге облыс бойынша келесі білім беру ұйымдары іріктелді:
• Ақтау қаласынан – 9 жалпы білім беретін мектеп және 1 облыстық мектеп;
• Бейнеу ауданынан – 4 жалпы білім беретін мектеп;
• Жаңаөзен қаласынан – 6 жалпы білім беретін мектеп және 1 облыстық мектеп;
• Қарақия ауданынан – 3 жалпы білім беретін мектеп;
• Маңғыстау ауданынан – 8 жалпы білім беретін мектеп;
• Мұнайлы ауданынан – 6 жалпы білім беретін мектеп;
• Түпқараған ауданынан – 3 жалпы білім беретін мектеп.
Вебинар барысында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры К. Мирова және директордың орынбасары Ж. Жұмабаева халықаралық зерттеудің маңыздылығына тоқталып, дайындық жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуі қажеттігін атап өтті.
Зерттеу аясында 15 жас 3 айдан 16 жас 2 айға дейінгі оқушылар қамтылады. Олардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарын арттыру мақсатында пән мұғалімдері PISA форматындағы тапсырмаларды оқу үдерісіне енгізіп, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған дайындық жұмыстарын жүргізуі қажет.
«Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуіне сапалы дайындық жұмыстарын ұйымдастыру – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, білім сапасын арттыруға және халықаралық деңгейдегі білім беру көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретіндігі аталды.
Вебинар барысында жалпы білім беретін мектеп басшылары кері байланыс жүргізді.
ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...
__2e7c0f2ea66e7078884eebadae261fcd.png)

















