«Шыңдалу» мектебінің перспективасы» тақырыбында облыстық вебинар өтті
2023 жылдың 30 қаңтар күні ҚР халық ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденді ұстаз Бақыт Балұлының «Шыңдалу» мектебі атауымен облыстық «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің қауымдастығының» жоспарына сәйкес кәсіби шеберлік пен білікті мамандарды шыңдауға негізделген ««Шыңдалу» мектебінің перспективасы» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Вебинарға облыс бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шебер мұғалімдерінен құралған «Шыңдалу» мектебінің мүшелері қатысты.
Мақсаты: «Шыңдалу» мектебінің жылдық жоспарымен танысу, 2023 жылы атқарылатын іс-шаралардың мақсат-міндеттерін айқындау, жауапты жетекшілер тағайындау, «Аңыз адам» журналын құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
Вебинар облыстық Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызының басшылығымен өтті.
Жиналыста «Шыңдалу» мектебінің ережесі мен жоспары таныстырылып, талқыланды. «Аңыз адам» журналының эскизі көрсетіліп, барша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін белсенділік танытып, атсалысуға шақырды.
Мұғалімдерге ізденіс жолында тек шығармашылық табыс, сәттілік тіледік.
ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...


















