ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН ЖАЛҒАСТЫ
2025 жылдың 04 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мақсатты мектеп менторлары Жаңаөзен қаласының Төлесін Әлиев атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі, С.Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі, №6 жалпы білім беретін мектебі және №21 жалпы білім беретін мектеп базасында жұмысын жалғастырды.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жаратылыстану-математика бөлімінің жетекшісі Ш.Қиянова мен тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің жетекшісі Ж.Аманжолова пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, бақылау жасады, әр сабақ соңында мұғалімдерге пән бойынша қысқа мерзімді жоспарда оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығару, сабақ мақсаты не үшін керектігі, ҚМЖ құру барысында бөлімдерге уақытты тиімді бөлу, әр тапсырмаға дискрипторларды балдық жүйе негізінде ұпаймен белгілену керектігі айтылды.
Функционалдық сауаттылыққа арналған сараланған тапсырмаларды құру, оқу сауаттылығын дамыту үшін тиімді әдістер, жас ерекшеліктеріне сай түрлі жанрлардағы мәтіндерді оқу, құндылыққа бағытталған тапсырмаларды әзірлеуде нені ескеру қажеттігі, білім алушылардың белсенділігін арттыру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерге негізделген тапсырмалар жасақтау бойынша кері байланыстар берілді.
Қорытындысында мектеп әкімшілік құрамымен кездесіп жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жүргізілді.
ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...






















