Жұмыс берушілер күні аталып өтті
Жұмыс берушілер күні аталып өтті
Бүгін білім басқармасы мен білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «15 қараша – Жұмыс берушілер күні» мерекесіне орай GRAND NUR PLAZA қонақ үйінің конференция залында «Түлектерді жұмысқа орналастыру өзектілігі: Колледж. Кәсіпорын. Маман» тақырыбында облыстық форум ұйымдастырылды.
Форумға Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының, бұқаралық ақпарат құралдарының, облыстық іскер әйелдер кеңесінің өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагоргтері, колледж студенттері, дуальды оқытуға және мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар, жұмыс беруші әлеуметтік серіктес ұйымдардың өкілдері, колледждердегі индустриалдық кеңестер төрағаларынан барлығы 200-ге жуық адам қатысты.
Өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру және түлектерді жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестікті дамыту мақсатында өткен форум 3 кезеңнен тұрды.
Бастапқы бөлімде «Студенттік дүкен» көрме-байқауы ұйымдастырылып, студенттер 15 бағыт бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Көрмеге қойылған жұмыстардың ішінен қазылар алқасы тарапынан үздіктері іріктеліп, шара соңында әр бағыт жеңімпаздары «Ең үздік студенттік тауар» номинациясымен марапатталды.
Форумның негізгі бөлімі жұмыс берушілер клубының отырысымен басталып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының серіктес мекемелермен байланысы, дуальды оқыту мәселелері, колледждердегі академиялық еркіндік, студенттер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, т. б. төңірегінде баяндамалар оқылып, қарары қабылданды.
Шара аясында ағымдағы жылдың 19-27 қараша күндері Астана қаласында өтетін ҮІІІ республикалық кәсіби шеберлік WorldSkills Kazakhstan чемпионатына қатысатын Маңғыстау облысының құрама командасы таныстырылды.
Форумның қорытынды бөлімінде колледждермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келе жатқан бірнеше серіктес мекеме өкілдері 13 студентке жұмысқа орналасу жолдамасын ұсынса, облыстық кәсіпкерлік палатасы мен білім басқармасы тарапынан колледждердің әлеуметтік серіктес мекеме басшыларына алғыс хаттар табыс етілді.
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...














