Маңғыстау мектептеріне «TopIQ-MobilBox» оқу станциялары табысталды
Бүгін, 26 желтоқсан күні «Holiday Inn Aktau» қонақ үйінде шалғай және шағын жинақты мектептерге арналған «TopIQ-MobilBox» оқу станцияларын табыстау рәсімі өтті.
Іс-шара аясында Маңғыстау облысының шағын жинақты мектептеріне, сондай-ақ TolQ.kz платформасын тиімді пайдаланған және республикалық «Leader TolQ.kz» байқауында үздік нәтиже көрсеткен өңірдің 40 мектебіне интернетсіз жұмыс істейтін заманауи оқу станциялары табысталды.
Сондай-ақ оқу станциясында мұғалімдердің күнделікті жұмысын жеңілдетуге арналған «Qamqor» интеллектуалды көмекшісі бар. Ол сабақ жоспарын әзірлеуге, оқу материалдарын таңдауға және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқитын ұлт» бастамасын қолдау, шалғайдағы мектептер мен кітапханаларды заманауи оқу құралдарымен қамтамасыз ету және білім беру сапасын арттыруға үлес қосу.
Айта кетейік, «TopIQ-MobilBox» оқу станциялары Маңғыстау облысы бойынша теңдей үйлестірілді. Атап айтқанда, Ақтау қаласындағы 5 мектепке, Жаңаөзен қаласындағы 6 мектепке, Бейнеу ауданындағы 9 мектепке, Маңғыстау ауданындағы 7 мектепке, Мұнайлы ауданындағы 5 мектепке, Қарақия ауданындағы 5 мектепке, сондай-ақ Түпқараған ауданындағы 3 мектепке табысталды.
ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...















