Облыстық «Lesson Study папкасы» байқауы өтті.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 29 сәуір күні облыстық «Lesson Study папкасы» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - пән мұғалімдерінің кәсіби дамуына қолдау көрсету, Lesson Study тәсілі арқылы оқыту сапасын арттыру және озық педагогикалық тәжірибені тарату.
Облыстық «Lesson Study папкасы» онлайн байқауы «Lesson Study фокусында: идея, деректер және сабақ үзінділері» бейнеролик ұсыну және «Lesson Study папкасы» шығармашылық (ізденіс) портфолиосын дайындау бөлімдері бойынша өтті.
Байқаудың әділқазыларының шешімі бойынша нәтижесі:
І орын - Ақтау қаласының Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің тобы;
ІІ орын - Жанаөзен қаласының №7 жалпы білім беретін мектебінің тобы;
ІІІ орын - Қарақия ауданының жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының тобы.
Байқау соңында қатысушылармен және әдістемелік орталықтардың әдіскерлерімен кері байланыс орнатылып, Lesson Study бағытындағы жұмыстарды жақсарту бойынша және конкурс қорытындысы жөнінде ЗУМ форматында айтылды.
Байқаудың жеңімпаздарын құттықтай отырып, шығармашылық табыс, шабыт пен жаңа биіктер тілейміз!
ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...

















