Республикалық «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы!!
Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиададан Ақтау қаласы «New Format high school» мектебінің тарих пәні мұғалімі Жұмалиев Темірлан Тәттімбетұлы, Мұнайлы ауданы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын пәні мұғалімі Алібекова Камила Арыстанғалиқызы жүлделі ІІІ орындарды иеленді.
Ерекше жетістіктері үшін Жаңаөзен қаласы №21 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Сарсенова Аймереке Умербайқызы, Мұнайлы ауданы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің тәлімгері Текисбаев Кенесары Үсенұлы грамотамен марапатталды.
Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...


















