Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетіндігін хабарлаймыз
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!!!
Ағымдағы жылдың 21-22 қараша күндері Маңғыстау облысы білім басқармасы және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетімен біріккен «Серікбол Қондыбай мұралары: әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар контекстінде» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетіндігін хабарлайды.
Тәжірибелік конференция 2 күнге созылады.
21 қараша күні Ақтау қаласы 32 шағын аудан Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде пленарлық және секциялық отырыстар өтеді. Басталу уақыты 10.00.
Конференцияға Түркия және Өзбекстан елдерінен баяндамашылар қатысады.
22 қараша күні Маңғыстау ауданы Шетпе кентінде Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайына және Отпан тау тарихи-мәдени кешеніне саяхат жасалады.
Сіздерді республикалық тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...














