«Үздік БЖБ» облыстық байқауы өтті
2023 жылдың 28 сәуір күні «Шыңдалу» мектебінің жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Үздік БЖБ» байқауы өтті.
Оқу процесіндегі білім алушыларға арналған жиынтық бағалаудың озық педагогикалық тәжірибелерін тарату және жариялау, жинақтау, педагогтердің АКТ құзыреттіліктерін арттыру мақсатында өткен байқауға 35 мұғалім қатысты.
Байқау оқу мақсатына сәйкес келуі, ойлау дағдыларының деңгейі бағалау критерийіне сәйкес келуі, тапсырма құрастырылуының түсінікті болуы, тапсырманың жас ерекшелігіне сәйкес келуі, дискрипторлар, ұпай қою кестесі тапсырмаға сәйкес келуі бойынша бағаланды.
Байқау соңында қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетілді.
Қазылар алқасының шешімімен:
І орын: Тініқұл Зияда Нұрлыбекқызы, Жаңаөзен қаласы, №22 ЖББМ мұғалімі;
ІІ орын: Жалғасбаева Нұргүл Жексенбайқызы, Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі;
ІІ орын: Қуанова Ләззат, Бейнеу ауданы, Опорный ЖББМ мұғалімі;
ІІ орын: Пиржанова Жадыра Нажимовна, Мұнайлы ауданы, №3 ЖББМ мұғалімі;
ІІІ орын: Амалова Ақжүніс Оспанқызы, Түпқараған ауданы, Ғ. Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің мұғалімі;
ІІІ орын: Мухаммедова Гулнар Кадырбаевна, Мұнайлы ауданы, №3 ЖББМ мұғалімі;
ІІІ орын: Байекеева Рысгул Биргалевна, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің мұғалімі;
ІІІ орын: Сапарова Гүлжан Смагилаевна, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ЖББМ мұғалімі;
ІІІ орын: Жумашова Фариза Жаксылыковна, Қарақия ауданы, №3 ЖББМ мұғалімі дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!
ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...


__2b2e3a2da606bb9c2c001116b9ee739c.jpeg)















