Десанттық сабақтар өтті
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №173 бұйрығына сәйкес, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында десанттық сабақтар өтті.
Сабақтарға қатысу барысында ұстаздардың оқу үдерісін ұйымдастыруы, сабақ құрылымы, мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың оқу белсенділігі сараланды.
Сонымен қатар, педагогтерге сабақтарды тиімді жоспарлау, заманауи педагогикалық технологияларды орынды қолдану, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды жетілдіру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Десанттық сабақтардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету және республикалық кезеңге жан-жақты дайындық жасау.
Бүгін, 22 қыркүйек күні «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа ...
2022 жылы 21 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 16 ...
Білім басқармасының 5-қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні және Ахмет ...
15.09.2022 жылы орталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, арнайы және инклюзивті білім ...
Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 15 ...
Мақсаты: Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтардың әлеуетін көтеру, тәжірибе мен ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...
Мұнайлы аудандық №1, №2, №4, №7, №8, №9, №10, №11, №13, №14, №15 жалпы білім беретін ...
«Информатика пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жазудың ...

















