Орталық жаңалықтары

Десанттық сабақтар өтті

2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №173 бұйрығына сәйкес, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында десанттық сабақтар өтті.

Сабақтарға қатысу барысында ұстаздардың оқу үдерісін ұйымдастыруы, сабақ құрылымы, мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың оқу белсенділігі сараланды.

Сонымен қатар, педагогтерге сабақтарды тиімді жоспарлау, заманауи педагогикалық технологияларды орынды қолдану, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды жетілдіру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Десанттық сабақтардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету және республикалық кезеңге жан-жақты дайындық жасау. 

title=title=title=


27.01.2022ж күні облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2007 жылғы ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2007 жылғы ...

Ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні ZOOM платформасы арқылы «Белсенді әдіс-тәсілдерді ...

22.01.2022ж күні облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының бұйрығы ...

2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі ...

2022 жылдың 5-6 күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ...

2021 жылдың 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ...

2021 жылы 13-23 желтоқсан аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс – шаралар ...