Орталық жаңалықтары

«Айбын-2020» республикалық әскери-патриоттық байқауы басталды

2020 жылдың 28 қыркүйек күні Республикалық «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық байқауы басталды. Аталмыш байқаудың ашылу салтанаты елордада өтті. Оған Маңғыстаулық оқушылар онлайн форматта қатысты.

Елдегі күрделі жағдайға байланысты іс-шара алғаш рет онлайн режимде өткізілуде. Республикалық жиынға әр өңірден барлығы 39 команда, соның ішінде Маңғыстау облысынан «Альтаир» және «Жас теңізшілер» атты 2 команда қатысып жатыр. Командаларға жетекшілік етіп отырған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының МОФ төрағасы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің АӘД пәні мұғалімі Мақсат Жолаев.

Биылғы сайыста әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар өткізілмек. Қатысушылар «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойыны, «Айбын жұлдызы», «Саламатты Жас Сарбаз», «Смарт Сарбаз» номинациялары бойынша бақ сынайды.

Әділқазылар алқасы Нұр-Сұлтан қаласында қатысушы жастардың өнерін сарапқа салатын болады. Олар онлайн көрсетілімдер арқылы жеңімпаздарды анықтайды.

Республикалық жиынның жабылу салтанаты 30 қараша ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында өтеді. Оған жеңімпаз командалардың капитандары шақырылатын болады. Ал шалғайдағы өзге қатысушылар қорытынды кешті бейнебайланыс арқылы тамашалай алады.

Олай болса, облысымыздың намысын қорғайтын командаларға сәттілік тілейміз! Қоржындарыңыз жүлделермен толықсын! 

title=title=title=title=


ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...

2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...

2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...

...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...

Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...

Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...