Орталық жаңалықтары

«Көңілді жаз!» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылғы 5 тамыздағы №227 нқ бұйрығына және «Балаларды ерте дамыту институтының» жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 12 тамыз күні мектепке дейінгі ұйымдар арасында жазғы сауықтыру кезеңін үздік ұйымдастыруға арналған «Көңілді жаз!» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқауға аудан, қалалардан барлығы 5 жұмыс ұсынылды. Сырттай форматта ұйымдастырылған байқауда мектепке дейінгі ұйымдардың YouTube әлеуметтік желісінде жарияланған бейнежазбаларының сілтемелері бағалау үшін негізге алынды.

Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегідей анықталды:

І орын: Ақтау қаласы, №32 «Ақ шағала» бөбекжайының тәрбиеленушілері (жетекшісі: Меңдешова Асылтас Нұранқызы);

ІІ орын: Қарақия ауданы, «Құлыншақ» бөбекжайының тәрбиеленушілері (жетекшісі: Кожанбетова Асия Батырхановна);

ІІІ орын: Мұнайлы ауданы, №10 «Ақбота» бөбекжайының тәрбиеленушілері (жетекшісі: Досанова Дамила Карабалаевна)

Барлық жеңімпаздар мен байқауға қатысқан тәрбиеленушілерді және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Облыс намысын республикалық кезеңде қорғайтын қатысушыға сәттілік, жеңісті күндер және биік белестер тілейміз!

https://youtu.be/5K9hjs8fbjE?si=6srnC5L8MIbp1644

https://youtu.be/PipFeQ-nvKs?si=hIVqDSA0CtA2Nkik

https://youtu.be/5zk11nTGo-4?si=gzAkg4qx1rkaM7jB  

title=


ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...

2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...

2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...

...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...

Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...

Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...