«Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» байқауы
Маңғыстау облыстық білім басқармасының 08.11.2021ж. №139-нқ бұйрығы негізінде «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өзін-өзі тану педагогтері еңбегінің беделін қолдау және арттыру мақсатында 2021 жылдың 11 қараша күні «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың облыстық кезеңіне жалпы және облыстық білім беру ұйымдарының 8 өзін-өзі тану пәні мұғалімі қатысты.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалап, қорытындысында төмендегідей жүлделі орын иегерлерін анықтады:
І орын – Мухаметжанова Гүлшат Талғатқызы, Мұнайлы ауданы Ш.Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп;
ІІ орын – Егизбаева Раушан Сарсенбековна, Ақтау қаласы №19 мектеп-гимназиясы;
ІІІ орын - Күлханова Жұпар Төремұратқызы, Қарақия ауданы №5 жалпы білім беретін мектеп.
І орын иегері республикалық байқауға жолдама алды.
Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтай отырып, алдағы еңбек жолдарына табыс тілейміз!
ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...



















