Облыстық «Музыкалық олимп» байқауы
Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Ақтау қаласы, Абыл
Тарақұлы атындағы өнер мектебінде теория, сольфеджио пәндерінен сабақ беретін
педагогтер арасында алғаш рет облыстық «Музыкалық олимп» байқауы өткізілді.
Музыкалық білім саласындағы
педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және
тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған облыстық байқауға 5 педагог қатысты✅
Ережеге сәйкес, педагогтер өздерін қысқаша таныстырып,
теория мен сольфеджио пәндері бойынша оқушылардың білімін қалыптастыруда тиімді
әдіс-тәсілдерді көрсете отырып десант сабақтар өткізді, оқу курсының
бағдарламасы мен педагогика-психология мазмұнынан құралған тест сұрақтарына
жауап берді.
Байқау
кезінде қатысушылар инновациялық әдістемелер мен шығармашылық тәсілдерді
қолдану арқылы өздерінің педагогикалық дағдыларын көрсетіп, шеберліктерін
бағалатты.
Бұл байқау педагогтер арасында тәжірибе алмасуға және білім беру
саласындағы жаңа әдістермен танысуға мүмкіндік берді.
Қорытындысында жеңімпаздар білім берудің
оқу-әдістемелік орталығынының дипломдарымен марапатталды.
І орын – Салықбаева Жанар Анарбекқызы (Ақтау
қаласы бойынша білім бөлімінің Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі);
ІІ орын – Еркинбаева Гулсинай Таганбаевна
(Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің Балалар өнер мектебі);
ІІІ орын – Кәдірова Алтынай Жасұланқызы (Мұнайлы
ауданы бойынша білім бөлімінің Өнер балалар мектебі).
«Жаңашыл педагог» номинациясымен
Айтжанова Нургуль Исмагуловна (Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің Құлшар
Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу балалар өнер мектебі);
«Шығармашыл
педагог» номинациясымен Дуйсенгалиева Рита Нурмагамбетовна (Түпқараған ауданы
бойынша білім бөлімінің Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі)
Жеңімпаздарды жеңістерімен
құттықтаймыз!
Сілтемесі: https://www.facebook.com/share/r/19dYLcgnak/
ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...














