ҮШ КҮНДІК СЕМИНАР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
"МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА" семинарының үшінші күнінде "Сапаны бақылау және мектепішілік бақылау" тақырыбында Маңғыстау облысы бойынша білім саласындағы сапаны бақылау департаментінің қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті.
Әдістемелік көмек аясында "Білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі", "Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру", "Қазақстан Республикасының білім беру саласында басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер" тақырыптары қамтылды.
Сонымен қатар, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы тарапынан семинарға қатысушы педагогтердің сұранысы бойынша оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектепте клуб ашу, көмекші құрал ретінде жасанды интеллектпен жұмыс жасау жолдары практика жүзінде үйретілді.
Нысаналы мектептеп бойынша құрылған жобалық кеңсенің төрағасының орынбасары Ж.Жұмабаева, жауапты менторлар А.Мамаева, Ж.Молдажанова, Ш.Қиянова үш күн бойы қамтылған тақырыптар бойынша сұрақ-жауап әдісімен кері байланыс алды. Ментор әрі психолог Ғ.Қойтанова педагогтермен психологиялық тренинг өткізіп, сергіту сәттерін ұйымдастырды.
Семинар соңында қатысушыларға "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының сертификаты тапсырылды.
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...























