Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау ...

2025 жылғы 11 желтоқсанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспары және ...

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім сапасын арттырудың 2025-2029 ...

СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ! 2025 жылғы 3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ...

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 ...

Астана қаласында 2025 жылдың 1-5 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан ...

2025 жылғы 4–5 желтоқсан күндері Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында ...

2025 жылға арналған Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына ...

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы ...