Орталық жаңалықтары

«Білім сапасын арттырудағы математиканың рөлі» өңірлік вебинары өтті.

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Өңірлік білім беруді дамыту ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік орталықтардың бірлескен ынтымақтастығы туралы» меморандумы аясында «Білім сапасын арттырудағы математиканың рөлі» атты өңірлік вебинары өтті.

Математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, әдістемелік қолдау және іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткен вебинарға барлығы 75 педагог, оның ішінде Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының математика пәні мұғалімдері қатысты.

Пленарлық отырыста Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызы алғы сөз сөйлеп, вебинарды ашты.

Өңірлік вебинар 3 секция бойынша бөлініп, төмендегі спикерлер өз іс-тәжірибесімен бөлісті:

«Математика пәнінен функционалдық сауаттылық есептерін шешудің тиімді тәсілдері» секция спикерлері:

Нұрлыбекова Алтынгүл Маткеримовна, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы, С.Шапағатов мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі

«Функционалдық сауаттылыққа геометриядан контекст тапcырамалар»;

Сарин Тимур Берікбайұлы, Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясының математика пәні мұғалімі

«Қоспаны араластыру есебін коэффициент арқылы шешу» әдісі;

Тулеуова Баян Ануарбековна, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі

«Математика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту».

«Геометрия есептерінің маңыздылығы» секция спикерлері:

Нурекешова Айгуль Сагидуллаевна, Батыс Қазақстан облысы Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі

«Геометриялық есептерді алгебралық, тригонометриялық теңдеулер құру арқылы шешу»;

Ишбатыров Осер Абылбаевич, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі

«Геометриядан олимпиада есептерін шығару жолдары».

«Стандартты емес және қиындығы жоғары есептерді шығару» секция спикерлері:

Диханова Жүзім Сыдиыковна, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Мамандандырылған ІТ лицейінің математика пәні мұғалімі

«Модульмен берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің стандартты емес әдістері»;

Укибаева Сауле Тенельовна, Ақтөбе қаласы Ә.Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі

«Жоғары дәрежедегі теңдеулерді шешу»;

Тотанова Анаргуль Бериковна, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Абай атындағы мектеп-гимназиясы

«Дирихле принципі»;

Ешимбетов Айболат Кенжегалиевич, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов атындағы жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі

«Санның бүтін және бөлшек бөлігіне берілген есептер».

Вебинар модераторы Білім берудің әдістемелік орталығының жаратылыстану-математика бөлімінің жетекшісі Қиянова Шолпан Орынбасарқызы секциялық отырыстарды қорытындылап, қатысушылары алған әсерлерімен бөлісіп, спикерлерге және ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, кері байланыс жасады. Барлық қатысушы спикерлер Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы сертификатымен марапатталды. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Орталықтың психологиялық қолдау бөлімінің мақсаты: білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу, ...

Орталықтың «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» бөлімінің мақсаты: білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, сынып жетекшілер, ...

Бүгін Қарақия ауданының жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында аудандық білім бөлімі мен облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «ПЕДАГОГ'S DIGEST MEETING» атты облыстық шара өтті. ...

Қосымша біліммен облыста 80,1% бала қамтылды. Биыл 5000 балаға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды, «Zerek.kz» ақпараттық жүйесі іске ...

2023-2024 жаңа оқу жылында сұранысқа ие білікті мамандар дайындау мақсатында 5587 мемлекеттік тапсырыс бөлінді. Соңғы екі жылда сұранысқа ие 15 ...

Өткен оқу жылында 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Биыл Ақтау қаласының 4 мектебін күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжат ...

2023 жылы Маңғыстау облысының мектептерінде оқушылар саны артып, 188 000-нан асты. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ...

2023 жылы Маңғыстау облысының мектепке дейін білім мен тәрбие жүйесінде 3 061 орын іске қосылды: 2 582 орындық 29 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ...

2023 жылғы 22 желтоксан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Сөйлеу әрекетін жүргізу -оқушылардың тілін ...