Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


2025 жылдың 27 қаңтарынан бастап «Отпан: Маңғыстау облысындағы тірек мектептер ...

Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 9 ...

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ...

«Зерделі» ақыл – ой дамыту мектебінің білім басқармасымен бірлескен ...

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, былтыр «Egemen Qazaqstan» газетіне берген ...

«Үздіктер шеруі - 2024» облыстық шарасы өтті. 2024 жылғы 27 желтоқсан күні аудан, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының «Дарын» республикалық ...

2024 жылғы 13 желтоқсан күні Қ. Жұмашевтың қатысуымен Х. Өзбекғалиев атындағы ...