Орталық жаңалықтары

«Парасатты отбасы» облыстық сырттай байқауы

Маңғыстау облысы әкімінің парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, отбасылар арасында 2021 жылы 1-4 қазан күндері «Парасатты отбасы» облыстық сырттай байқауы өткізілді.

Парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, бала тәрбиелеуде өзіндік ұстанымы мен қағидалары қалыптасқан, өнегелі, үлгілі отбасыларды мақсатында ұйымдастырылған облыстық байқауға білім беру ұйымдарынан үздік деп танылған 9 отбасы қатысты.

Жалпы білім беру ұйымдарынан: Ақтау қаласынан Мусаевтар отбасы, Жаңаөзен қаласынан Бесінбаевтар отбасы, Бейнеу ауданынан Орақовтар отбасы, Қарақия ауданынан Ығзамовтар отбасы, Маңғыстау ауданынан Рахметовтер отбасы, Түпқараған ауданынан Нәдірқожаевтар отбасы. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан: Маңғыстау туризм колледжінен Кушановтар отбасы, Каспий өңірі «Болашақ» колледжінен Курмановтар отбасы, Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінен Нурбосиновтар отбасы.

Қатысушылар байқаудың облыстық кезеңіне «Менің отбасым – менің байлығым», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» номинациялары бойынша еңбектегі, оқудағы жетістіктер мен отбасылардың әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақытты тиімді пайдалану туралы пайдалы да өнегелі мәліметтерді ұсынатын бейнероликтер түсіру арқылы қатысты.

Отбасы шығармашылығы, отбасылық туризм, отбасылық бастамалар, ұрпақтар естелігі көрініс табатын бейнероликтерді қазылар алқасы қарап, қорытындысында:

І орын – Мусаевтар отбасы, Ақтау қаласы;

ІІ орын – Нурбосиновтар отбасы, Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі;

ІІІ орын – Рахметовтер отбасы, Маңғыстау ауданы;

ІІІ орын – Бесінбаевтар отбасы, Жаңаөзен қаласы;

Арнайы номинациялармен:

«Жомарт отбасы» - Нәдірқожаевтар отбасы, Түпқараған ауданы;

«Дәстүрге берік отбасы» - Ығзамовтар отбасы, Қарақия ауданы;

«Өнегелі отбасы» - Орақовтар отбасы, Бейнеу ауданы;

«Өнерлі отбасы» - Курмановтар отбасы, Каспий өңірі «Болашақ» колледжі;

«Ізденімпаз отбасы» - Кушановтар отбасы, Маңғыстау туризм колледжі.

Барлық қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз! 

title=title=title=


Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Алматыкітап» ЖШС-нің оқу ...

Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық ...

Маңғыстау облысы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық ...

Орталықтың арнайы және инклюзивті білім бөлімінің мақсаты:  арнайы білім ...

Орталықтың психологиялық қолдау бөлімінің мақсаты: білім беру ...

Орталықтың «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» бөлімінің мақсаты: білім беру ...

Бүгін Қарақия ауданының жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында аудандық ...

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы ...

Қосымша біліммен облыста 80,1% бала қамтылды. Биыл 5000 балаға мемлекеттік тапсырыс ...