Орталық жаңалықтары

Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2021 жылдың 19 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ жедел іс-шара жоспарына сәйкес «Тәуелсіздік және білім саласы: өзгерістер, нәтиже, болашағы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізеді.

Онлайн конференцияның ұйымдастырушысы: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.

Конференция мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы білім беру саласындағы реформалар, жеткен жетістіктері мен нәтижеге баға беру және болашақ даму траекториясын болжау.

Онлайн конференцияның негізгі бағыттары:

1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы білім саласының даму ерекшеліктері.

2. Білім мазмұнын жаңарту және оқыту ерекшеліктері.

3. Білім сапасы және оған әсер етуші факторлар.

4. Жаратылыстану – математика бағыты пәндерінің бүгінгі жағдайы және даму болашағы.

5. Гуманитарлық пәндер: жаңа әліпби арқылы жаңа тарихи көзқарасқа көшу.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Конференцияға қатысушылар: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының және ЖОО-ның професорлық-оқытушылық құрамы, облыстық әдістемелік кабинеттердің, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады.

Конференцияның өтетін орны:

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Маңғыстау ПҚ БАИ».

Өтетін түрі: облыстық online конференция.

Өтетін уақыты: 19.11.2021 ж. сағ. 09.00 (жергілікті уақытпен),сағ. 10.00 (Астана уақытымен)

Ақпараттық ресурс: конференция материалдары http://orleumo.kz/ сайтында жарияланады. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша сараптаудан өткен барлық қатысушыларға сертификат (pdf-форматында) беріледі және материалдары электрондық жинаққа енгізіледі. Ұйымдастыру комитетінен электрондық пошталарға жіберілген материалдардың қабылданғаны туралы растама келіп түскен жағдайда материал қабылданды деп есептеледі.

Онлайн конференцияға жауапты модераторлар:

ayelubayeva@orleu-edu.kz Елубаева Айымгул 8(707)681-30-81;

bkarayeva@orleu-edu.kz Караева Ботагоз 8(701)173-33-35.

Конференцияға қатысу үшін 2021 жылдың 29 қазанға дейін bkarayeva@orleu-edu.kz, ayelubayeva@orleu-edu.kz электрондық пошталарына мақала және өтінім талаптарға сәйкес рәсімделіп, «Облыстық конференция» белгісімен жіберілуі қажет.

Ұйымдастыру комитеті үздік мақалаларды ғылыми тәжірибелік онлайн конференцияда баяндама жасауға ұсынады.

Ұсынылған материалдар онлайн конференция тақырыбына және рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жарияланбайды.

Материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды. Жарияланатын материалдардың мазмұнына авторлар жауапты.

Қосымша 1

МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАРИЯЛАУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Конференцияға қатысушылардың баяндамасының көлемі – 3 беттен кем және 5 беттен көп болмауы тиіс.

Жарияланым мәтінін рәсімдеу ережелері:

− барлық жиектері – 20 мм;

− шрифт Times New Roman, кегль – 14;

− жоларалық интервал -1.

1) автордың аты-жөні (толық) – оң жақ шеті бойынша түзету, жартылай қалың, курсив;

2) ұйымның атауы толық жазылуы тиіс – оң жақ шеті бойынша түзету, жартылай қалың, курсив;

3) жол арасы – 1;

4) баяндаманың атауы: ортасы бойынша түзету, бас әріптермен, жартылай қалың;

5) негізгі мәтін

(негізгі мәтіннің форматы: азат жолы – 1,25 см, ені бойынша түзету, мәтінде дәйексөз библиографиялық тәртіппен түпнұсқа көздеріне сілтемелер арқылы көрсетілуі керек).

Қосымша 2

«Тәуелсіздік және білім саласы: өзгерістер, нәтиже, болашағы» тақырыбындағы облыстық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін

ӨТІНІМ

1. Аты-жөні (толығымен)

2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрмет атағы

3.Лауазымы (қысқартусыз, толығымен)

4.Баяндама тақырыбы

5.Білім беру ұйымы, мекеме атауы

6.Қызметі

7.Конференция бағыты

8.Байланыс телефоны, E-mail 

title=


2023-2024 жаңа оқу жылында сұранысқа ие білікті мамандар дайындау мақсатында 5587 ...

Өткен оқу жылында 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Биыл Ақтау ...

2023 жылы Маңғыстау облысының мектептерінде оқушылар саны артып, 188 000-нан асты. ҚР ...

2023 жылы Маңғыстау облысының мектепке дейін білім мен тәрбие жүйесінде 3 061 орын ...

2023 жылғы 22 желтоксан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының «Дарын» республикалық ...

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсаны күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Пәндер бойынша авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің ...

2023 жылғы 7-8 желтоқсанда Астана қаласында «Білім берудегі көшбасшы бағдары» ...