Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
Бүгін "Үздік тарих және құқық пәні мұғалімі" облыстық олимпиадасының екінші ...
Әдістемелік орталықтардың трансформациясы: қазіргі заманғы сын-қатерлер ...
Ағымдағы жылдың 29 қараша күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...
2024 жылдың 27 қараша күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары ...
Ағымдағы жылдың 22 қараша күні Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының ...
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 22.10.2024 ...
«Серікбол Қондыбай мұралары: әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар контекстінде» ...
Ағымдағы жылдың 21-22 қараша күндері Маңғыстау облысының әкімдігі мен Ш.Есенов ...