Орталық жаңалықтары

«Арнайы мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту әдіс-тәсілдері мен технологиялары» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагогтеріне онлайн семинар өтті.

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту әдіс-тәсілдері мен технологиялары» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагогтеріне онлайн семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытып, тәрбиелеудегі психикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай олардың ақыл-ойын, танымын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық өмірге бейімделуіне қажетті білім дағдыларын алу үшін арнайы білім беруді ұйымдастыру, оңтайлы әдістерді қарастыру.

 Қамтылған аудитория: Арнайы және жалпы білім беру ұйымдарынан 63 маман қатысты.

Семинардың негізгі бөлімінде:

Сарсенова Камшат Жамбылқызы, Облыстық арнайы мектеп-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі - «Көзі нашар көретін оқушыларға ағылшын тілі пәнінде қолданылатын АРТ-терапия әдіс-тәсілдері»;

Қуанышбекова Маржан Асқарқызы, Жаңаөзен арнайы мектебінің педагог-дефектологі - «Қазақ тілі пәнін зиятында бұзылыстары бар балаларға оқыту ерекшеліктері мен өзекті мәселелері»;

Сүлейманова Алмагүл Халдыбайқызы, №3 арнайы мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі - «ЕББҚ балалардың ұсақ қол моторикасын көркемдік өнер арқылы дамыту» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 Семинар соңында мамандар алған әсерлерімен бөлісіп, спикерлер мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, Google форма арқылы кері байланыс толтырды. 

title=title=title=title=


2024 жылдың 21 мамыр күні мектепке дейінгі мобильді топтың іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақтау қаласы, №34 «Болашақ» бөбекжайында «Сапалық ...

Үстіміздегі жылдың 17 мамыры күні М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінде Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ...

2024 жылдың 17 мамыр күні мектепке дейінгі мобильді топтың іс-шаралар жоспарына сәйкес Маңғыстау ауданы, Үштаған ауылындағы «Арай» бөбекжайында ...

Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 17 мамыр күні Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы, №7 «Айналайын» ...

«Мемлекеттік рәміздер-киелі құндылығымыз» облыстық үздік сабақ байқауының ақпараты  2024 жылғы 17 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік ...

Бүгін, 16 мамыр күні Астана қаласында «Инклюзивті және арнайы білім беру аспектілері: сабақтастық пен мүмкіндіктер» атты республикалық ғылыми - ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе тарату мақсатында 2024 жылдың ...

2024 жылдың 15 мамыр күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мамандары Ақтау қаласы И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының облыстық педагог – психологтер қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 14 мамыр күні ...

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2024 жылдың 13-24 мамыр ...