VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ
2021 жылдың 4-5 желтоқсан күндері Алматы қаласында математика, физика, информатика мұғалімдерінің VIII халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға Қазақстан, Қызғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен 350-ден астам мұғалім қатысты.
Маңғыстау облысынан аталған пәндер аясында 30 мұғалім бақтарын сынады. Оның ішінде 16 мұғалім жеке сайыстар бойынша үздік деп танылып, арнайы дипломдармен марапатталды:
Математика пәні бойынша:
І орын – Нұржігіт Нұрболат Нұржігітұлы (Ақшұқыр мектеп-гимназиясы);
ІІІ орын – Джубанов Қабай Нураханович (Бейнеу гимназиясы);
IV орын – Ахмеджан Диас Қайратұлы, Исмаева Мива Чанчаровна, Калиева Сауле Сыдыковна, Кожакметов Калила Айтжанович, Нурлыбекова Алтынгүл, Тлеубергенова Лаззат Жолдасовна, Калбайтеги Акылбек Аманжолович, Конурбаев Ермек Мухтарұлы, Хожбанов Хамид Турсынбаевич, Дуисенбаев Бахытжан Генжебаевич.
Физика пәні бойынша:
ІІІ орын – Алимбеков Хусан Равшанович (Жаңаөзен қаласы №19 ЖББМ);
IV орын – Аймагамбетов Аманжол Серикович (Мұнайлы ауданы №8 ЖББМ).
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен қатысқан математика пәні мұғалімі Ауданов Мақсет пен информатика пәні мұғалімі Толебаев Сакен IV орынға ие болып, олжамен оралды.
Жеке сайыстардың нәтижесін есептей келе, топтық сайыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Байқау соңында жаратылыстану-математика саласындағы білікті мамандар мен ғалымдардың қатысуымен семинарлар, кездесулер өткізілді.
Әріптестерді жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз! Облысымыздағы математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің мәртебесі арта берсін!
2025 жылғы 27-28 наурыз күндері Астана қаласында өткен республикалық «Алтын тұғыр» ...
2025 жылдың 27-28 наурыз күндері білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ...
Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...
Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» олимпиадасына Маңғыстау ...
2025 жылдың 17 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы іс-шаралар ...