Орталық жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ ЖҮРМЕЛІ СЕМИНАР

2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда бала психологиясының қалыптасу негіздері» тақырыбындағы облыстық жүрмелі семинарымыз Жаңаөзен қаласында өз жалғасын тапты.

Семинар мақсаты: Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алуда, бала психологиясының даму кезеңдерін психоанализ бағытында талдауды жетілдіру.

Іс-шараға жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер (70-ке жуық маман) қатысты.

Жаңаөзен қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының психология бойынша әдіскері Умарбаева Нұргүл Мұсақызы қатысушыларды семинардың тақырыбымен және мақсатымен таныстырып өтті.

Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы

- «Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықты алдын алуда психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбымен және Арнаулы білім беру ұйымының педагог-психологы Көкебаева Назерке Амантайқызы

- «Тұлға дамуының психоанализ бағытындағы даму кезеңдері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында жалпы білім беру ұйымдарының мамандары QR код арқылы кері байланыстарын жасап, алғыстарын білдірді. 



2025 жылғы 28 қараша күні «Саналы таңдау – қауіпсіз болашақ» тақырыбында ZOOM ...

Бүгін, 2025 жылғы 27 қыркүйек күні ТжКОБ ұйымдарында оқыту қазақ тілінде ...

2025 жылғы 27 қараша күні жекеменшік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысына «Адал ...

Білім берудің оқу – әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес,2025 ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2025 жылға арналған іс-шаралар ...

Бүгін екі күнге созылған облыстық “Үздік тарих және құқық пәні мұғалімі” ...

Білім берудің оқу – әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес 2025 ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Mangystau Hub ...

2025 жылдың 18 қараша күні «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының ...