Педагог-психологтарға онлайн вебинар өтті
Педагог-психологтарға онлайн вебинар өтті
2022 жылдың 9 - 12 қыркүйек күндері «Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері, нормативтік-құқықтық құжаттары» тақырыбында облыстық онлайн вебинар өтті.
Вебинарға барлық білім беру ұйымдарының (230) педагог-психологтары қатысты. Вебинар барысында орталық директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А. Мамаева білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарымен, ал, Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Г. Койтанова «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығымен таныстырды.
Сонымен қатар, вебинарда осы орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын іске асыру аясында педагог-психологтар пайдалана алатын басқа да ресурстар қарастырылатындығы жөнінде атап өтілді.
Тыңдаушылар теориялық білім алып қана қоймай, өздерінің ұсыныс пікірлерімен бөлісті.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...
2024 жылғы 25-26 сәуір күндері Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының жылдық ...
2024 жылғы 26 сәуір күні Жаңаөзен қаласындағы № 5 мектеп-гимназиясында ...
Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Emirates Skills XV ұлттық чемпионат өз мәресіне жетті. ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспары мен Арнайы және ...
Ақмаржан қала - Ақтау, Мұнайлы мекен - Жаңаөзен қалаларында Маңғыстау облысы ...
Бүгін Ақтау қаласындағы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық ...
2024 жылдың 19 сәуір күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен, ...