Мектеп кітапханашылары қауымдастығының отырысы өтті.
Бүгін, 17 ақпан күні «Мектеп кітапханашылары қауымдастығы: кәсіби байланыс, ортақ мүдде» тақырыбында мектеп кітапханашылары қауымдастығының отырысы өтті. Отырысқа қауымдастықтың 11 мүшесінен бөлек аудандық, қалалық әдістемелік орталықтардың кітапхана ісіне жауапты әдіскерлер де қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде 3 түрлі мәселе қаралды. Алдымен мектеп кітапханашылары қауымдастығының жетекшісі С.Усербаева жылдық жоспармен таныстырып, жыл ағымында атқарылатын іс-шараларға тоқталып өтті.
Ал «Өрлеу» Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институтының кітапхана ісі меңгерушісі А. Утебаева «Мектеп кітапханашыларының медиа сауаттылық құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқыды. Заман ағымына сай мектеп кітапханашыларының әлеуметтік желіні меңгеруі, өз саласы бойынша жұмыстарын ілгерілетуде түрлі қосымшалармен жұмыс жасай алуы керектігін баса айтты. Сондай-ақ, “Фейсбук, инстаграм әлеужелілерінде білім беру ұйымдарының кітапханашыларының ортақ парақшасын ашып, сол ортада бір-бірімізге әдістемелік көмек көрсетіп, тәжірибе алмасып отырсақ нұр үстіне нұр болар еді” деген ұсынысын айтты.
Күн тәртібіндегі 3-мәселе төңірегінде Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапхананың балалар бөлімінің маманы Қуанбаева Гүлмира Жолжанқызы баяндама жасады. Ол облыстық кітапхана мен мектеп кітапханаларының байланысын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Қауымдастық мүшелері көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...
«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі», «Оңалту орталығы, ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...
Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Маңғыстау облысының білім берудің оқу-әдістемелік ...
2024 жылғы 12 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...
2024 жылғы 12 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында әдістемелік ...
Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы ...
2024 жылғы 4-5 сәуір күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім берудің ...
2024 жылғы 01 сәуір күні мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік және бейнелеу ...
2024 жылдың 29 мамыры күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...