Орталық жаңалықтары

Мектеп кітапханашылары қауымдастығының отырысы өтті.

Бүгін, 17 ақпан күні «Мектеп кітапханашылары қауымдастығы: кәсіби байланыс, ортақ мүдде» тақырыбында мектеп кітапханашылары қауымдастығының отырысы өтті. Отырысқа қауымдастықтың 11 мүшесінен бөлек аудандық, қалалық әдістемелік орталықтардың кітапхана ісіне жауапты әдіскерлер де қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде 3 түрлі мәселе қаралды. Алдымен мектеп кітапханашылары қауымдастығының жетекшісі С.Усербаева жылдық жоспармен таныстырып, жыл ағымында атқарылатын іс-шараларға тоқталып өтті.

Ал «Өрлеу» Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институтының кітапхана ісі меңгерушісі А. Утебаева «Мектеп кітапханашыларының медиа сауаттылық құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқыды. Заман ағымына сай мектеп кітапханашыларының әлеуметтік желіні меңгеруі, өз саласы бойынша жұмыстарын ілгерілетуде түрлі қосымшалармен жұмыс жасай алуы керектігін баса айтты. Сондай-ақ, “Фейсбук, инстаграм әлеужелілерінде білім беру ұйымдарының кітапханашыларының ортақ парақшасын ашып, сол ортада бір-бірімізге әдістемелік көмек көрсетіп, тәжірибе алмасып отырсақ нұр үстіне нұр болар еді” деген ұсынысын айтты.

Күн тәртібіндегі 3-мәселе төңірегінде Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапхананың балалар бөлімінің маманы Қуанбаева Гүлмира Жолжанқызы баяндама жасады. Ол облыстық кітапхана мен мектеп кітапханаларының байланысын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Қауымдастық мүшелері көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. 

title=title=title=title=title=


Бүгін, 25 тамыз күні Ақтау қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында білім ...

Бүгін, 24 тамыз күні білім қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2023 жылға арналған іс-шаралар ...

Каспий Құбыр Консорциумның мәдениет саласындағы әлеуметтік-қайырымдылық ...

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін ...

2023 жылдың 27 мамыр күні Ақтау қаласы, №28 жалпы білім беретін орта мектебінде Білім ...

2023 жылдың 27 мамыр күні Маңғыстау облысы Білім басқармасының қолдауымен «Samruk ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

Тарих пәні мұғалімдерінің республикалық тәжірибелік конференциясы өтті. 2023 ...

Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шара жоспарына сәйкес, 2023 ...