Орталық жаңалықтары

Үздік мектеп кітапханашылары анықталды


Білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау және «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында 2023 жылдың 29 қарашасы күні облыстағы жалпы білім беретін мектептердің кітапханашылары арасында «Үздік мектеп кітапханашысы» облыстық қашықтық байқауы өтті.

Мектеп кітапханашыларының шығармашылық бастамаларын дамыту және ынталандыру мақсатында өткен бұл байқауға 6 кітапханашы қатысты.

Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар жолдаған жұмыстар 3 бөлім бойынша қаралды:

- электронды портфолио;

- бейнеролик түріндегі электронды таныстырылым;

- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған іс-шараның бейнежазбасы.

Барлық бөлім бойынша ортақ ұпай шығарылып, төмендегідей жеңімпаздар анықталды.

І орын: Аймурзаева Жанар Жолдасқызы, Маңғыстау ауданы Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы;

ІІ орын: Таласбай Сағынқан Жетібайқызы, Қарақия ауданы № 9 бастауыш мектебінің кітапханашысы;

ІІІ орын: Болеева Айгүл, Түпқараған ауданы З. Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

title=title=


Республикалық вебинар өтті. 2023 жылғы 18 мамыр күні білім берудің ...

2023 жылғы 18 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2023 жылдың 15 мамырында балалардың демалысын, сауықтыруын және іс-әрекетпен ...

2023 жылдың 11 мамырында облыстық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

02-17 мамыр аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық ...

IХ республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі ...

2023 жылдың 28 сәуір күні «Шыңдалу» мектебінің жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен ...

Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту ...

2023 жылғы 27 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...