«ББЖМ-1000 мектеп" пилоттық жобасына енген 19 білім беру ұйымының басшылары мен әкімшілік құрамына әдістемелік көмек көрсетілді
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 31.10.2023 жылғы "2023-2024 оқу жылында мектепішілік бақылау жоспары бойынша әдістемелік көмек көрсету туралы" №246-нқ бұйрығына сәйкес, 2-7 қараша күндері Маңғыстау облысы бойынша «ББЖМ-1000 мектеп" пилоттық жобасына енген 19 білім беру ұйымының басшылары мен әкімшілік құрамына әдістемелік көмек көрсетілді. Зерделеу аясында Ақтау қаласының №19 мектеп-гимназиясы, ОМИ, Маңғыстау ауданының М.Атымов атындағы ЖББМ, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаты, Жаңаөзен қаласының №8, №18, №22 жалпы білім беретін мектептері, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко мектеп-лицейі, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы қамтылды.
Аталған білім беру ұйымдарының мектепішілік бақылау жоспарларының құрылымы, 2023-2024 оқу жылының басында алынған "Нөлдік" кесіндінің талдануы, қорытындысы, үлгермеуші оқушылармен жұмыс жасау, олқылықтарды жою бағыттарындағы жұмыстар зерделеніп, әдістемелік көмек берілді.
Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева бастаған білім ...
Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...
Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...
Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...
Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...
ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...