Орталық жаңалықтары

«Үздік педагог» байқауы облыстық кезеңінің комиссия отырысы өтті

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №32687 бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтерді анықтау мақсатында ағымдағы жылғы 21-22 қыркүйек аралығында республикалық «Үздік педагог» байқауы облыстық кезеңінің  комиссия отырысы өткен болатын. 

Нәтижесінде төменде аталған педагогтер үздік деп танылып, байқаудың республикалық кезеңіне жіберілді:

1.Мұхаммедова Гүлнар Қадырбайқызы – Мұнайлы ауданы, №2 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

2.Атаназаров Марат Әбубәкірұлы – Ақтау қаласы, №29 Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі;

3.Қорғанбаева Ардақ Қуанышқызы – Ақтау қаласы, №19 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

4.Жаппар Қуаныш Жақсылықұлы – Жаңаөзен қаласы, Білім-инновация лицейінің математика пәні мұғалімі.

Сондай-ақ аппелияциялық комиссияның шешімімен Ақтау қаласы Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Абилшеева Айнагүл Қойшығұлқызы байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. 



Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева бастаған білім ...

Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...

Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...

Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...

ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...