Орталық жаңалықтары

Облыстық «Үздік оқырман» қашықтық байқауы өтті.

Білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау және «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына», Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай 2023 жылғы 31 қазанда облыстық «Үздік оқырман» қашықтық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – Алаш қайраткері, ақын М. Жұмабаевтың өмірімен, шығармашылығымен танысу, қалдырған мол әдеби мұра – халық қазынасы, ел мақтанышы екенін дәріптеу, оқушылардың бос уақыты нысанасы ретінде кітап оқуды ұсыну, кітап оқуды адамның рухани өмірінің маңызды факторы ретінде насихаттау, мәдени құндылықтарды жете түсінуді дамыту, сондай-ақ кітаптың білім таратудағы маңыздылығы мен оны сақтаудың құралы екенін айқындау.

Байқау ережесіне сәйкес, аудандық, қалалық, колледжішілік кезеңнен жеңімпаз болған жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен колледж студенттері, барлығы 22 қатысушы бақ сынады.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей жеңімпаздар анықталды:

13-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары бойынша:

1-орын – Амандос Аружан, Мұнайлы ауданы №10 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

2-орын – Қамыспай Қолғанат, Бейнеу ауданы Опорный жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

3-орын – Қалдыдұрды Ясмина, Жаңаөзен қаласы № 5 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы.


16-17 жас аралығындағы мектеп оқушылар бойынша:

1-орын – Тасқынбай Рақымжан Мұнайлы ауданы №1 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы;

2-орын – Кенжетай Айдана, Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

Колледж студенттері бойынша:

1-орын – Алиева Жансая, Ақтау қаласы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің 2-курс студенті;

2-орын – Төрешова Құлынтай, Бейнеу ауданы Бейнеу гуманитарлық -экономикалық колледжінің 3-курс студенті;

3-орын – Пірниязов Еділбек, Жаңаөзен қаласы О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің 2-курс студенті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 

title=title=


Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева бастаған білім ...

Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...

Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...

Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...

ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...