Орталық жаңалықтары

Педагог-психологтарға онлайн вебинар өтті

Педагог-психологтарға онлайн вебинар өтті

2022 жылдың 9 - 12 қыркүйек күндері «Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері, нормативтік-құқықтық құжаттары» тақырыбында облыстық онлайн вебинар өтті.

Вебинарға барлық білім беру ұйымдарының (230) педагог-психологтары қатысты. Вебинар барысында орталық директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А. Мамаева білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарымен, ал, Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Г. Койтанова «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығымен таныстырды.

Сонымен қатар, вебинарда осы орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын іске асыру аясында педагог-психологтар пайдалана алатын басқа да ресурстар қарастырылатындығы жөнінде атап өтілді.

Тыңдаушылар теориялық білім алып қана қоймай, өздерінің ұсыныс пікірлерімен бөлісті. 

title=title=title=


2023 жылғы 16 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына ...

2023 жылдың 10 наурыз күні онлайн форматта ұлттық біріңғай тестілеуде кездесетін ...

Информатика пәні мұғалімдеріне арналған «ҰБТ-да кездесетін күрделі есептерді ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2023 жылға арналған іс-шаралар ...

2023 жылдың 10 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2023 жылғы 10 наурызда Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау ...

2023 жылдың 10 наурыз күні облыстық «Шыңдалу» мектебінің жоспарына сәйкес «Эссе ...

2023 жыл 09 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2023 жылдың 5-6 наурыз күндері Алматы қаласында өткен республикалық ...