Әдістемелік кеңес отырысы өтті.
Ағымдағы жылдың 16 ақпаны күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында әдістемелік кеңес отырысы өтті.
Отырысқа «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы директорының орынбасары Дүйсенбаева Ақзия Төренқызы, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Ақтау қаласындағы филиалының аға менеджері Тілеуов Қайрат Кыпшақбайұлы және кеңес мүшелері, аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталықтарының директорлары, білім берудің оқу-әдістемелік орталығының орынбасарлары мен бөлім жетекшілері, барлығы 20 адам қатысты.
Кеңес отырысында төмендегідей мәселелер қаралды:
2023 жылға арналған жылдық жоспарды талдау;
Маңғыстау ауданының пән қауымдастықтарының жұмыстары;
Жобалардың тұжырымдамасын қарау, талқылау, бекіту;
Мектепішілік бақылаудың орындалысы;
Педагогтердің аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын талқылау.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталықтары басшыларының баяндамалары тыңдалды. Кеңес мүшелерінің ұсыныстары тыңдалып, хаттамалық тапсырмалар берілді.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының «Дарын» республикалық ...
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсаны күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Пәндер бойынша авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің ...
2023 жылғы 7-8 желтоқсанда Астана қаласында «Білім берудегі көшбасшы бағдары» ...
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсаны күні «Достық үйінде» жастардың бас қосуы өтті. ...
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні Астана қаласында республикалық «Үздік ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында 2023 жылдың 1 желтоқсаны күні облыстық ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...
2023 жылғы 30 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...