Орталық жаңалықтары

«Үздік кітап оқитын» мектеп анықталды

Бүгін, 15 ақпан күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларының заманауи ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, қызметін қолдау және ынталандыру мақсатында «Үздік кітап оқитын мектеп» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Қашықтан өткізілген бұл байқауда аудандық, қалалық кезеңнен іріктелген 6 мектептің жұмысы қаралды.

Қатысушылар ұсынған ақпараттық анықтама мен кітапхана жұмысын иллюстрациялайтын бейнероликтерді, сондай-ақ қосымша ұсынылған мәліметтерді ескере отырып, белгіленген критерийлер бойынша байқау қорытындысы шығарылды. Үміткерлерге ZOOM қосымшасы арқылы сұрақтар қойылды.

Байқау нәтижесінде:

І орынды Қарақия ауданының №9 бастауыш мектебі (кітапханашысы – Таласбай Сағынқан Жетібайқызы),

ІІ орынды Бейнеу ауданының Күйкен жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Аманова Нұрсұлу),

ІІІ орынды Мұнайлы ауданының №10 жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Кульчикова Тамара Шараевна) иеленді.

Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! 

title=title=title=title=title=title=


Бүгін, 17 ақпан күні «Мектеп кітапханашылары қауымдастығы: кәсіби байланыс, ортақ ...

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Білім берудің оқу-әдістемелік ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 17 ақпан ...

Білім берудің оқу –әдістемелік орталығының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2023 ...

2023 жылғы 16 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына ...

Ағымдағы жылдың 16 ақпаны күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында ...

Облыстық жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің «Үздік полиглот» онлайн байқауы ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 15 ақпан ...

Бүгін, 15 ақпан күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларының заманауи ...

Маңғыстау облысының Білім басқармасы және Төтенше жағдайлар департаментінің ...