Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
Мақсаты: “Прокурор бақылау/Прокурор тәрбиесі” пилоттық жобасы аясында ...
2024 жылдың 31 қаңтары күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...
2024 жылғы 31 қаңтар күні Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының ...
Бүгін, 30 қаңтар күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған ...
Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні Қарақия ауданы, Жетібай оқушылар шығармашылық ...
2024 жылдың 25 қаңтарында орта білім беру ұйымдарында «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен ...
Бүгін, 2024 жылғы 24 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...
«Өркен» БӘАҰҒПИ «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» сабақтарын ...