Орталық жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ ЖҮРМЕЛІ СЕМИНАР

2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда бала психологиясының қалыптасу негіздері» тақырыбындағы облыстық жүрмелі семинарымыз Жаңаөзен қаласында өз жалғасын тапты.

Семинар мақсаты: Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алуда, бала психологиясының даму кезеңдерін психоанализ бағытында талдауды жетілдіру.

Іс-шараға жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер (70-ке жуық маман) қатысты.

Жаңаөзен қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының психология бойынша әдіскері Умарбаева Нұргүл Мұсақызы қатысушыларды семинардың тақырыбымен және мақсатымен таныстырып өтті.

Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы

- «Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықты алдын алуда психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбымен және Арнаулы білім беру ұйымының педагог-психологы Көкебаева Назерке Амантайқызы

- «Тұлға дамуының психоанализ бағытындағы даму кезеңдері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында жалпы білім беру ұйымдарының мамандары QR код арқылы кері байланыстарын жасап, алғыстарын білдірді. 



Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы, ...

Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысы негізінде "7 жұрт" қоғамдық ...

20.11.2023ж. Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысы Д.Жұмашеваның ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік  білім ...

2023 жылдың 15-16 қараша күндері Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2023 жылғы 17 қараша күні білім берудің оқу-әдістемелік ...

Жұмыс берушілер күні аталып өтті Бүгін білім басқармасы мен білім берудің ...

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, 2023 жылғы 10 ...

Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстыру арқылы отбасы ...

2023 жылдың 13 қарашасы  күні педагогикалық қызметтің тиімді ұйымдастырылуын ...