Орталық жаңалықтары

«Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.

2023 жылғы 16 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Маңғыстау ауданы білім бөліміне қарасты Сайөтес ауылындағы «Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.

Білім беру үдерісінде қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдарын жетілдіру мақсатында - әдістемелік көмек тобы бөбекжай педагогтеріне (тәрбиеші құжаттарының жаңа бағдарлама бойынша жасақталуы, басшылық пен басқару талаптары бағыттарында жасалатын жұмыстар, құжаттарды ресімдеу бойынша) кеңестер беріп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Практикалық бөлімінде бөбекжайдың техникалық-базалық жағдайымен танысып, заттық-дамытушы орталықтарды жасақтаудың тиімді жолдарын көрсетіп, бөбекжайдағы жиһаздарды орналастыру бағыттарында ұсыныстар айтты.

Сауалнама арқылы жүргізілген жұмыстар бойынша кері байланыс жасалды. Бөбекжай педагогтері әдістемелік көмек тобына ризашылығын білдірді. 

title=title=title=title=title=title=


2023 жылдың 19 қаңтар күні облыстық Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2023 жылдың 17 қаңтар күні Ақтау қаласындағы С.Мұқашев атындағы  №16 жалпы білім ...

Оқу-ағарту министрлігі 2022-2023 оқу жылынан бастап жоғары оқу орнына IT бағыты ...

Математика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті 2023 жылдың 5-6 ...

Бүгін, яғни 25 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Қош ...

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы этнос ...

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық вебинар 2022 ...

2022 жылдың 21 желтоқсанында облыстық білім басқармасының «Өрлеу» біліктілікті ...

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні ...