Орталық жаңалықтары

«PISA халықаралық зерттеуінде қандай мәтіндер қолданылады?» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

2023 жылдың 13 қазанында қазақ тілі мен әдебиеті мәні мұғалімдеріне арналған «PISA халықаралық зерттеуінде қандай мәтіндер қолданылады?» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинарға аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері мен PISA халықаралық зерттеуіне қатысатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 80 адам қатысты.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Мамутова Гулдарига Туремуратовна «Оқу сауаттылығы: мәтінмен жұмыстың түрлері»;

Мұнайлы ауданы №3 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пиржанова Жадыра Нажимовна «PISA зерттеуіндегі мәтін түрлері арқылы оқу сауаттылығын қалай дамытуға болады?»;

Мұнайлы ауданы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байтұрсынова Жұлдызай «PISA халықаралық зерттеуі бойынша қазақ тілі мен әдебиетте көркем шығармаларды талдауға ұсынылатын тиімді әдістер» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кері байланыс барысында Мұнайлы ауданы, №3 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Н. Пиржанованың тәжірибесін облыс көлемінде тарату ұсынылды.

Вебинарға белсенді қатысқан әріптестерге алғыс білдіреміз! 

title=title=title=title=


...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...