«Бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру жолындағы әдістер мен тәсілдер» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне облыстық семинар өтті
2023 жылғы 30 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласы, «IntellektUm” мектеп-лицейінде «Бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру жолындағы әдістер мен тәсілдер» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне облыстық семинар өтті. Семинарға аудан, қаладан 80 мұғалім қатысты.
Облыстық семинарда:
Жуманова Гулия Майрамбаевна, педагог-сарапшы,Мұнайлы ауданы, №7 жббм бастауыш сынып мұғалімі «Оқу сауаттылығына байланысты тиімді әдіс-тәсілдерді түрлендіру» тақырыбында;
Нурбергенова Жанар Мендібайқызы,Темірханова Ақерке Темірханқызы, Орақова Ақмарал Ғарифоллақызы Маңғыстау ауданы, №7 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімдер «Мәтінмен жұмыс жасауда «Даму шеңбері» әдісінің тиімділігі» тақырыбында;
Тұрсынбаева Диляра Ғалымжанқызы, педагог-сарапшы, Ақтау қаласы, №30 жббм бастауыш сынып мұғалімі «1-4 сынып оқушыларының мәтінді түсіну дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында;
Аққұлова Майра Бекболатқызы, педагог - сарапшы, Мұнайлы ауданы, №10 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі «Бастауыш сыныптарда интербелсенді оқыту әдісі» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізді.
Семинар соңында кері байланыс жасалып,сауалнама алынды.Қатысушылар ұйымдастырушылар мен спикерлерге ризашылықтарын білдірді.
Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...
2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...
Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...
2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...
2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...