Орталық жаңалықтары

«Иппотерапия, денсаулыққа әсері, ерекшелігі» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 19 қазан күні «Иппотерапия, денсаулыққа әсері, ерекшелігі» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті. Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері иппотерапия арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психологиялық және әлеуметтік саласындағы оң өзгерістерге қол жеткізуін тиімді ұйымдастыру және жұмыс жүргізетін мамандар арасында ынтымақтастық қалыптастыру мақсатында өткізілген семинарға арнайы білім беру ұйымдарынан 80-ге жуық маман қатысты.

Семинар барысында:

Сайдхаметова Ақмарал Кенжалықызы, Ақтау психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің педагог-логопеді

- «Иппотерапия туралы түсінік»;

Нұрқасова Айдана Нұрмұханқызы, Қарақия психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің педагог-логопеді

- «Иппотерапия әдісін тиімді пайдаланудың жолдарын анықтау»;

Қуаналы Зарина Назарханқызы, Түпқараған психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің педагог-логопеді

- «Ерекше білім беруді қажет ететін балалары бар отбасыларды иппотерапия құралдарымен қолдау» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, Google сілтеме арқылы кері байланыс жасады. 

title=title=title=title=


...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...