«МДҰ педагогтеріне педагогикалық-психологиялық қолдау» тақырыбындағы облыстық семинар өтті
Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының мобильді топ жоспарының негізінде, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің И. Сүйеубаев атындағы №8 ЖББМ базасында «МДҰ педагогтеріне педагогикалық-психологиялық қолдау» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Мақсаты: Педагогтерге өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар құру. Өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді жеңе білуге ықпал ету. Тəрбиешінің кəсіби деңгейін арттыру.
Қамтылған аудитория: Аудан, қалалардан мектепке дейінгі ұйым , педагог- психолог мамандар, мектепалды сынып мұғалімдері (40 педагог) қатысты.
Іс-тәжірибелерімен бөліскен педагогтер:
Мұқанова Амангүл Күрекқызы, Ақтау қаласы №60 «Ертөстік» бөбекжай педагог-психологы
«Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогтарына эмоционалды жанудың алдын алу»
Тайшыбаева Анар Есболатқызы, Ақтау қаласы, №5 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологі
Тренинг: «Жадырайық! Жайнайық! Жылы лебізімізді сыйлайық»
Қанымбетова Салиха Әбдіғалиқызы, Ақтау қаласы №39 «Хиуаз» бөбекжай педагог-психологы
«Тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау»
Семинарды қорытындылай келе қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұжым жұмысына ризашылықтарын білдірді. Әрбір ұйымдастырылған іс-әрекет бойынша өз ойларымен пікір алмасты.
Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...
2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...
Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...
2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...
2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...