Орталық жаңалықтары

«Үміт» шығармашылық өнер фестивалі өтті

Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 1 желтоқсан күні ерекше білім беруді қажет ететін 3-6 жастағы мектепке дейінгі балалар арасында «Үміт» шығармашылық өнер фестивалі өтті.

Фестиваль ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, әлеуметтендіру, шығармашыл, дарынды балаларды анықтауға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. 

Сырттай өткізілген облыстық шараға аудан, қалалардағы бөбекжайлар мен арнайы балабақшалардан барлығы 200 бала (би билеу номинациясы бойынша -70 жұмыс, вокалдық орындау бойынша -36 жұмыс, еркін тақырыпта сурет салу бойынша -94 жұмыс) қамтылды. 

Ерекше білім беруді қажет ететін 3-6 жастағы мектепке дейінгі балалар арасындағы «Үміт» шығармашылық өнер фестивалінің облыстық кезеңінде өнер көрсеткен әр бала cертификаттар мен дипломдармен марапатталды.

Видеоға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=8feNWD8xKW0  

title=


...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...