Орталық жаңалықтары

Маңғыстаулық мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы берілді

Мемлекет басшысының жарлығымен Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Қадырова Әлия Айтжанқызы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Еліміздің білім саласына қосқан үлесі үшін берілген құрметті марапатты бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев табыстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Әлия Қадырова 37 жылдан бері білім беру саласында еңбек етіп келеді. 1985 жылы Гурьев Педагогикалық институтын аяқтап, Бейнеу ауданында еңбек жолын бастаған. 2004 жылға дейін Бейнеу ауданындағы мектептерде мұғалім, кейін аудандық оқу бөлімінде әдіскер, 2004 жылдан бастап Жаңаөзен қаласындағы Жаңаөзен мектеп - лицейінде әдіскер, 2010 жылдан бастап Түпқараған ауданы №1 мектеп-лицейінде тарих пәнінен дәріс беріп келді. 2017 жылдан, Түпқараған ауданы «Ақшұқыр мектеп лицейінде» қызмет атқарады.

Әлия Айтжанқызының тынымсыз еңбегінің арқасында 23 оқушы халықаралық, республикалық, облыстық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері атанды.

“Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” құрметті атағына ие болған педагогтар «педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңында белгіленген мөлшерде біржолғы төлем алады. 

title=title=title=


...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...