Орталық жаңалықтары

Үздік мектеп кітапханашылары анықталды


Білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау және «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында 2023 жылдың 29 қарашасы күні облыстағы жалпы білім беретін мектептердің кітапханашылары арасында «Үздік мектеп кітапханашысы» облыстық қашықтық байқауы өтті.

Мектеп кітапханашыларының шығармашылық бастамаларын дамыту және ынталандыру мақсатында өткен бұл байқауға 6 кітапханашы қатысты.

Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар жолдаған жұмыстар 3 бөлім бойынша қаралды:

- электронды портфолио;

- бейнеролик түріндегі электронды таныстырылым;

- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған іс-шараның бейнежазбасы.

Барлық бөлім бойынша ортақ ұпай шығарылып, төмендегідей жеңімпаздар анықталды.

І орын: Аймурзаева Жанар Жолдасқызы, Маңғыстау ауданы Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы;

ІІ орын: Таласбай Сағынқан Жетібайқызы, Қарақия ауданы № 9 бастауыш мектебінің кітапханашысы;

ІІІ орын: Болеева Айгүл, Түпқараған ауданы З. Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

title=title=


Ұлт ұстазы,ғұлама ғалым,ағартушы, ақын,әліпби авторы Ахмет Байтұрсынұлының 150 ...

Білім берудің оқу- әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс – шаралар ...

2022 жылдың 19 қазан күні онлайн форматта мектепке арналған PISA зерттеуінің ...

2022 жылдың 14 қазан күні Алматы облысы Қонаев қаласында Республикалық ...

18.10.2022ж күні облыстық физика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының ...

2022 жылғы 18 қазан күні онлайн форматта «Мектепке дейнгі тәрбие мен оқытудың ...

2022 жылғы 18 қазан күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...

Облыс бойынша білім беру ұйымдарындағы директордың тәрбие жөніндегі ...

2022 жылдың 17 қазан күні онлайн форматта «Алтын диск» байқауына дайындалу ...

2022 жылдың 10-14 қазан күндері Білім берудің оқу әдістемелік орталығының жоспарына ...