Орталық жаңалықтары

Облыстық «Сана» олимпиадасы

2023 жылдың 26 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердегі 3 жылдан жоғары еңбек өтілі бар педагог-психологтер арасында “Сана” олимпиадасы Мұнайлы ауданы №12 жалпы білім беретін мектебінде өткізілді.

Мақсаты: педагог-психологтердің «педагогика және психология» пәні бойынша білім деңгейін көтеру, білімдерін тереңдету, кәсіби біліктілігін арттыру, педагог-психолог мамандығының дәрежесін көтеру.

 Олимпиада төрт кезеңнен тұрды:

  1. «Өзін-өзі таныстыру»
  2. «Таңдаған тақырыпқа эссе жазу»
  3. «Тест сұрақтары»
  4. «Психологтың электрондық портфолиосы»

Аудан, қалалардан барлығы 7 педагог-психолог қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

  • І дәрежелі дипломмен Ербосын Бибігул Досболқызы (Қарақия ауданы №5 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы)
  • ІІ дәрежелі дипломмен Базарбаева Ұлбике Сметуллаевна (Мұнайлы ауданы №13 мектеп-гимназиясының педагог-психологы);
  • ІІІ дәрежелі дипломмен Утепова Нұрсауле Аманғалиқызы (Жаңаөзен қаласы №21 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы) марапатталады. 

title=title=title=title=title=title=


2022 жылдың 23 тамыз күні «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» ...

2022 жылдың 11-15 тамыз аралығында облыстық білім беру қызметкерлерінің «Білімнің  ...

2022 жылдың 11 тамыз күні облыстық білім беру қызметкерлерінің “Білімнің басты ...

"Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар және білім" ТАМЫЗ ...

Республикалық Тамыз кеңесі аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім ...

2022 жылдың 01-02 тамыз күндері «Балдәурен» оқу-сауықтыру базасында облысымыздың ...

  1. Мекеменің атауы: «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық ...

Ағымдағы жылдың 1 шілде күні Маңғыстау облыстық қорғаныс істері ...

«Балалар жылы» және 18-24 маусым – ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл ...